Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуатты циклон әсерінен ел аймақтарында жаңбыр мен қар жауады

көктем сток

"Қазгидромет" синоптиктері 9 наурызға арналған Қазақстандағы синоптикалық жағдай мен ауа райы құбылыстарына болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Болжамға сәйкес, дүйсенбі, 9 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс цикллонының және соған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Елдің солтүстік-батысында және оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Метеорологтардың мәліметінше, республика бойынша жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Қазавтожол ауа райына байланысты бірнеше аймақта көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеген еді. 

Назархан Уән
Жексенбі, 08 Наурыз, 2026 18:27