Қуат “Найман”: Кімде-кім тіркеуге тұру туралы сұрақпен келетін болса, оны жерлеп тастаймын
Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы қазақстандық Қуат Хамитов уақытша тіркеуге тұрғызуға байланысты заңды халықты тонау деп атады.
Елдің әл-ауқаты мен дамуына көңілі толмаған “Найман”, кімде-кім тіркеу туралы мәселемен келетін болса “жерлеп” тастайтынын айтып қорқытты.
“Біздің елімізде проблеманың көптігі сонша, оны санап шығу үшін менің және достарымның да саусақтары жетпейді. Ауылдар құлдырап, жұмыссыздық көбейіп, қысқарту болып жатыр. Азық-түлік бағасы аспандап кеткен, коммуналдық қызметтер де солай. Зейнеткерлердің де жәй-күйі оңып тұрған жоқ.
Алматыдан 100 шақырымға ұзап шықсаң, мүлде басқа өмір. Жолдар 1945 жылдан бері жөндеу көрмеген. Жастар араққа құмартып, ұрлық-қарлықпен айналысып жүр. Бәрі аштан өлмес үшін қалаға келіп жатыр.
Енді осыдан соң адамдар өз елінің ішінде жүріп-тұрғаны үшін ақы төлеуі керек екен. Құдай атымен ант етейін маған осы сұрақпен кімде-кім келетін болса, мен оны жерлеймін.
Қазақстан мұнай, газ, алтын, күміс, уран, меди, алюминий, көмір қоры бойынша үздік бестікке кіреді. Халық оның қызығын көріп жатқан жоқ. Енді осы жағдайлардан кейін сіздер өз халқыңызды тонағыларыңыз келе ме? “Алға Қазақстан” деп айқайлай берген адам патриот емес, өз халқының жәй-күйін сезіне білген адам патриот! Біздің елімізде шешімін таппаған қаншама мәселе бар, ал олар АЕК-ке (айлық есептік көрсеткіш) негізделген заң ойлап тапқыш”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Еске сала кетсек, елімізде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті уақытша тергеу туралы заң енгізілген болатын. Қазіргі таңда қоғам бұл заңға жаппай қарсылық білдіруде. Сондай-ақ, тіркеуге тұрмаған азаматтарға 7 қаңтардан бастап айыппұл салынатынын хабарлаған едік.
Оқи отырыңыз:
Әлемге әйгілі желаяқ Усейн Болт бүкіл жүлделерінен айырылып қалуы мүмкін
Мейвезер: Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді
Қытайлық клуб Роналду үшін 300 млн еуро ұсынды
Сәбина Алтынбекова Ақтөбеде өзінің жеке волейбол клубын ашпақ