Қуат Хамитов "Қайраттың" Чемпиондар лигасына шығуына пікір білдірді

Белгілі қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуына қатысты жылы лебізін білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, "Қайрат" екі матчта да (0:0) тең түсіп, пенальти сериясында шотландиялық "Селтикті" жеңген болатын. Осылайша алматылық клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнау құқығына ие болды.
"Әрқашан өзгенің еңбегін құрметтеймін, сондықтан қуанышты бірге бөлісемін! Алматылық команданың Чемпиондар лигасының тобына шыққаны құтты болсын! Бірақ футболға осыншама қаржы салынған соң, тек топқа өту ғана емес, нағыз айқастар мен намысты ойын көрсеткенді де көргім келеді. Үлкен алаңда сәттілік тілеймін!", – деп жазды Хамитов Instagram парақшасында.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

