"Қуануға себеп жоқ": Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қыркүйектің бірінші онкүндігінде қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Ағымдағы жылдың 25 тамызынан бастап эпидемияның төртінші толқынының төмендеуімен эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады – қала тұрғындары арасында ауру жағдайларының 25 тамыздан 1605-тен 8 қыркүйекте – 976 дейін төмендеуі тіркелді. Бұл төмендеу бүгінде Алматы қаласы халқының 46% - дық иммундық қабатының қалыптасуымен байланысты. Қазіргі уақытта күн сайын КВИ - ға қарсы шамамен 3 мыңнан астам адам егіледі, бұл бір ай бұрын күніне шамамен 10-12 мың адам егілгенде айтарлықтай аз. Бүгінгі күні 1 компонентпен вакцинациямен қамту 45%-ды, 2 компонентпен қамту – 39%-ды құрады, бұл қалада індеттің таралуын тәулігіне 900 -1000 жағдай деңгейінде ұстап тұр”, – дейді Бекшин.
- Ауруханада бір апта жатқан: Алматы облысындағы 16 жастағы қыздың өліміне отбасы дәрігерлерді кінәлады
- 950 мың теңге алған: Карантин кезінде қытайлықларды отанына жіберуге уәде еткен алматылық ұсталды
Эпидемияның төртінші толқыны кезінде халық арасында инфекцияның жұқтыру себептерін де атады.
“Қарқынды эпидемиологиялық жағдайға байланысты негізгі шектеу шаралары жалғасатын. Эпидемияны одан әрі төмендетуді және білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылын штаттық режимде жалғастыруды қамтамасыз ету мақсатында тағы да халықты жедел вакцинациялауға және қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтауға, адамдар көп жиналатын объектілерге (түнгі клубтарға, мейрамханаларға, кафелерге) бармауға, үй жағдайында жаппа іс-шараларды шектеуге шақырамын”, – дейді Бекшин.