Қуаныш Бейсеков "Ирины Кайратовна" тобынан кеткенін мәлімдеді
"Ирина Кайратовна" тобының клиптерін түсіретін бас режиссер Қуаныш Бейсеков жобадан кетті. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Пост сирек саламын, сол себепті осы сәтті қолданып оқырмандарымды тәуелсіздікке жеткен күнімізбен құттықтағым келіп тұр. Ұлтымызды таңдамасақ та, қазақ болып, тәуелсіздікті енді алған заманда жайдан-жай тумағанымды күннен күнге қатты сезініп келемін.
Тағы да айтарым, мен "Ирина Кайратовна" жобасынан кеттім. Әрі қарай өзімнің “Елім-ай” қорым арқылы қазақ тарихы пен этнографиясын жеңіл түрде жеткізуге бел будым. Балалармен бірге үлкен заттарды армандап, суық Астанада жұмысымызды бастап едік. “Ирина Кайратовна” – әрдайым жүрегімде ерекше орын алатын жоба”, – деп жазды Қуаныш Бейсеков.
Ол өз жабасында топ мүшелеріне алғыс айтып, әрі қарай жаңа белестерге жол тартқанын атап өтті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"