Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандықпен ән салмай кеткен Гаухарды Әбдірайымов қамқорлығына алды

Қуандық пен Гаухар дуэеті “Болайық бірге” әнімен жарқ етіп шығып, көп ұзамай жоқ болды! Анығында Қуандықтың дуэттегі жұбы ауысты, Гаухардың орнын өзге ару басты. Ал көпшіліктің жүрегін жаулаған Гаухар Сардарбек бүгінде Қосқанат есімді жас әншімен ән салып жүр.

Коллаж Stan.kz

Бұл туралы Hit-TV арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Қосқанат Көпжасарды жұрт “Музарт Live” жобасынан жақсы таниды. Бүгінде ол Қуандықтың экс-жұбымен дуэт құрған.

“Елімізге танымал сазгер мен ақын апайымыз хабарласып, осындай дуэтке ән бар еді, жақсы ән айтатын қыз бар ма?” – деді. Ойыма бірден Гаухар келді. Желі арқылы жазып, жауабын алдым. Эстрадада бар әндерді айтып жүріп, неге өзіміз де ән жазбасқа деген ой келді. Халық тарапынан да сұраныс туа бастады”, – дейді Қосқанат.

“Қуандықпен ән орындап жүргенде колледж студенті болдым. Ол кезде ұстаздарым гастрөлдік сапарларға, концерттерге жібермеді, сабақтан көп қала бастадым. Сол себепті Қуандықпен ән айтпай кеттім. Колледжді бітірдім, қазір Жүргенов академиясында оқып жатырмын. Ол жақта кедергілер болады деп ойламаймын”, – дейді Гаухар.

Қосқанат-Гаухар дуэтінің құрылғанына жарты жыл. Аз ғана уақыт ішінде жаңа дуэт халық жүрегінен орын алып үлгерді.

“Әзірге қоржынымызда 4 ән бар. Біздің дуэтіміз бұған дейін ешқандай продюсерсіз жұмыс істеген. Қазір Аллаға шүкір, осы ауыр жолда көмегін берейін деп Бағлан Әбдірайымов ағамыз ұсыныс жасады, бірден келісе кеттік. Өйткені бала кезімізден “Жігіттер” тобының әнін тыңдап, сол кісілерге қарап бой түзеп келе жатқан адамдармыз. Бірден қабыл алдық. Қазіргі уақытта сол кісімен жұмыс істеп жатқан жайымыз бар”, – деп түсіндірді Қосқанат.

Қосқанаттың айтуынша, елімізге танымал өзге продюсерлер де дуэтке ұсыныс жасаған. Алайда келісім-шарт көңілден шықпапты. Себебі:

“Ол кісілер тек қана коммерциялық мақсатты көздеді. Тойға шығару, одан артық мақсаттары болмады”, – дейді өнер иесі.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмаханға 800 мың теңгенің сөмкесін сыйлаған жігіт кім (фото)

Сұлтанқызы эфирде “жұлдыз” болғанымен, ерінің алдында бас июден қымсынбайтынын айтты

Өзбек әншісі Ақтөбеде мерт болған отандастарына ән арнады (видео)

Қыз баланы армандаған Мұқасан төртінші ұлын перзентханадан ерекше ырыммен алып шықты (фото)

Талқылау