Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сексуалды құлдық бойынша айыпталған P.Diddy-ге балаларға арналған жақпамайдың не үшін керек болғаны айтылды

Әлемге P.Diddy лақап атымен танымал атышулы америкалық рэпер Шон Комбстың үйінен табылған 1000 бөтелке балаларға арналған жақпамайды не үшін қолданғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Getty Images

14 қазан күні аты-жөні белгісіз ер адам мен тағы бес талапкер P.Diddy-дің үстінен шағым түсірді. Арызда продюсер Шон Комбстың жақпамайға есірткі араластырғаны айтылған. Кейін оны балаларды зорлау үшін қолданған. 

Талапкердің айтуынша, атышулы продюсер Шон Комбс седативті әсері бар ауыр ұйқысыздықты емдеу үшін қолданылатын флюнитразепамды “қатты ұнататын”. P.Diddy “White party”-де сол қоспаны жасырын түрде алкогольді сусындарға араластырып, қонақтарға ұсынған.

Шон Комбс үйінен табылған балаларға арналған 1000-нан астам бөтелке майды өз құрбандарын зорлағанда қолданды деген болжам бар. Сондай-ақ шағымда Шон Комбс клубтық есірткі GHB қосылған балаларға арналған майды құрбандарының үстіне  құйғаны туралы айтылған. Осылайша, GHB (кездесу кезінде зорлау үшін пайдаланатын есірткі) тері арқылы сіңіп, құрбандары ұйқыға кетеді. Ал бұл жағдай продюсерге құрбандарын еш кедергісіз және қарсылықсыз зорлауға мүмкіндік берген. 

Күдіктінің үстінен талап-арыз түсірген ер адам P.Diddy ұйымдастыруымен Хэмптонда өткен “White party”-де 1998 жылы 16 жасында қатысқан. 



Арыз берушінің айтуынша, ол кешке кіргенде музыка мен ойын-сауық индустриясын қалыптастырған көптеген атақты адамдар мен танымал жұлдыздарды көрген. Талапкер үлкен экраннан түрлерін көрген адамдарды бірден таныды. Тіпті ол дәретханаға бара жатқан жолда P.Diddy-дің өзін көрген.

“Шон Комбс жасөспірімге қызығушылық танытып, онымен сөйлескісі келген. Сөйтіп кешке арнайы әкелінген дәретханалардың жанындағы оңаша жерге барған. Жасөспірім продюсерге өзінің атақты жұлдыз болуды армандайтыны туралы айта бастағанда Комбс кенет оған шалбарын шешуді бұйырған. Сөйтіп ол жасөспірімнің жыныс мүшесін ұзақ уақыт ұстап тұрған”, – делінген құжатта.

Айта кетейік, бұған дейін 17 қыркүйекте рэпер әрі продюсер Puff Daddy (P.Diddy деген атпен белгілі) рэкет, сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін қамауға алынып, Голливудта үлкен шу шыққан еді. Рэпердің ұйымдастырған кештерінде танымал поп-жұлдыздардың болғаны да белгілі, желіде фотолар пайда болған. 

Талқылау