Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КТК теңіз терминалында төгілген мұнайға қатысты тексеру нәтижелері жарияланды

Каспий құбыр консорциумыФото: cpc.ru

29 тамызда Каспий құбыр консорциумы (КТК) теңіз терминалында орын алған штаттан тыс жағдайдың салдарын жоюға қатысты теңіз суына, жағалау сызығына және атмосфералық ауаның жағдайына тұрақты бақылау жүргізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Компания мәліметінше, жағалау сызығының ластануы тіркелген жоқ. Штаттан тыс жағдайдың салдарын жою барысында сорбенттер қолданылмады. Теңіз суындағы мұнай өнімдерінің құрамына бақылау тәулігіне екі рет аккредиттелген тәуелсіз зертхананың қатысуымен жүргізілді. Осы кезең ішінде 115 сынама алынды (сынама алу нүктелерінің картасы қоса беріледі). Сынамалар Қашықтан байлау құрылғысы ауданынан және бон ордерлерін орнату аймағында мұнай төгілуін оқшаулау және жоюға қатысқан кемеден алынды.

Мұнай төгілуін оқшаулау және жою жұмыстары аяқталғаннан кейін сынама алу үшін 5 бақылау нүктесі белгіленді:

КТ1 – КТК-2 Қашықтан байлау құрылғысының шығысында, Широкая Балка ауылына қарай;
КТ2 – КТК-3 Қашықтан байлау құрылғысынан 1000 метр қашықтықта, жағалау бағытына қарай;
КТ3 – Дюрсо кентінің жағажайына қарсы бетте;
КТ4 – "Фрегат" ССК-не қарсы (Сухая Щель ауданы);
КТ5 – Кіші Утриш аумағында.

КТ1 нүктесі мұнай дағының КТК-2 Қашықтан байлау құрылғысынан шығысқа қарай таралмағанын растау үшін таңдалды. КТ2, КТ3, КТ4 және КТ5 нүктелері мұнай дағының төгілу кезіндегі қозғалыс траекториясына сәйкес анықталды.

2025 жылы 30 тамыз кешінен бастап қазірге дейін сынама алу жоғарыда көрсетілген бақылау нүктелерінде тәулігіне екі рет жүргізілді. 

Экобақылау дерегінше, мұнай төгілуін жою жұмыстары аяқталған соң су мен ауада зиянды заттар рұқсат етілген шектен аспағаны анықталды. 

Еске салайық, бұған дейін Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдаған еді.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов консорциум қызметін тоқтата тұруға байланысты жағдай бойынша жедел кеңес өткізді. Артынша Ресей соты КҚК қызметін тоқтату туралы шешімді 200 мың рубль айыппұлмен алмастырды.

КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы шетел капиталының қатысуымен жүзеге асырылатын энергетика саласындағы ең ірі жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1511 шақырым; Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы осы бағыт бойынша тасымалданады.

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 11:01
Талқылау