Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ксения Собчак 2018 жылы Ресейде президент сайлауына түсетінін жариялады

Танымал ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак 2018 жылғы президент сайлауына қатысатынын және бұл туралы Владимир Путинге де айтқанын жариялады.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Собчактың сөзінше, өзінің әкесі Анатолий Собчак туралы фильм дайындау барысында Путиннен сұхбат алған кезде, осы сайлау тақырыбы туралы әңгімелескен.

“Владимир Путинмен біздің отбасымыздың қарым-қатынасы Санкт-Петербург кезінен басталған, сол себепті мен мұндай шешім қабылдағанымды дұрыс деп есептеймін. Мен бұл туралы сұхбаттан кейін айттым. Ол кез-келген адам өзі шешім қабылдауға құқылы және сол үшін жауапкершілік арқалайтынын айтты. Ол кісі бұл тақырып туралы талқылағаннан кейін менің анамның денсаулығын сұрады”, – дейді Собчак.

Бұған дейін президент әкімшілігі Кремлдің Собчактың президенттіке түсуіне қатысты ешқандай қатыстары жоқ екендігін жариялаған. Бұл туралы ол өзінің ресми хатында ашып айтқан.

“Мен Ксения Собчак, жасым 35-те. Мен өмір бойы Ресейде тұрып, жұмыс істеп келе жатырмын және менің елімнің тағдыры мені алаңдатады. Барлық қоғамдық мәселелерді ойлап, жіктей келе менің президенттік сайлауға қатысамын деген шешімім ел дамуы үшін маңызды қадам болады деп есептедім”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Forbes ең бай америкалықтардың тізімін жариялады

Атамбаев: Назарбаев туралы айтқан кезде эмоцияға салынып кеттім, менікі дұрыс болмады

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Ең бай қытайлық 30 жылдан соң мұнайдан да маңызды болатын затты атады

Талқылау