Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Крокус Сити Холлдағы" теракт: Желіде күдіктілерден жауап алу сәтінен видео тарады

Әлеуметтік желіде Мәскеудегі "Крокус Сити холда" теракт ұйымдастырған күдіктілерден жауап алу сәтінен видео жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Күдіктілердің бірі 4 наурызда Түркиядан Ресейге ұшып келгенін мәлімдейді. Оның айтуынша, Түркияда оның "құжаттары аяқталып", шекарадан өткен.

Ұсталған ер адам бір ай бұрын куратор телеграм арқылы хабарласып, қару-жарақпен қамтамасыз еткенін айтады. Оған залдағы барлық адамды өлтіру тапсырылған және бұл үшін миллион рубльге жуық ақша ұсынған. Жартысы алдын ала картаға аударылған, қалғаны тапсырманы орындағаннан кейін уәде етілген. Ол қылмысты "уағызшының көмекшісімен" сөйлескеннен кейін жасағанын айтады.

Жарияланған кадрларда ол Фариддун Шамсутдин дегенге ұқсайтын аты-жөнін айтады. Сонымен қатар ол 1998 жылы 17 қыркүйек туғанын айтты.
Тағы бір күдікті тәжік тілінде сөйлейді, оның сөздерін камерадан тыс адам аударып тұр. Ұсталған адамның айтуынша, олар "Дмитровкада тасжол бойындағы" хостелде тұрған, көлік сатып алған, "такси жүргізушісі болып жұмыс істегісі келген".

Кейінірек телеграм-арналарда үшінші күдіктіден жауап алынған видео пайда болды. Ол қамауға алынғаннан кейін құлағын қауіпсіздік күштері кесіп алғаны айтылады.

Ер адам есімін Раджаб Ализаде деп атаған. Қылмыскер орманда ұсталған. Одан сыбайластарымен бірге қаруды қайда тастағанын сұрағанда, ер адам нақты жауап бере алмады. "Renault" маркалы көліктен автоматты қайда тастадыңдар деген сұраққа  күдікті "менің достарым тастады, солардан сұра" деп жауап берген.

Оның айтуынша, олар Брянск облысына қарусыз келген.

 

Қауіпсіздік күштері аудармашының көмегімен тағы бір күдіктіден жансақтау бөлімінде жауап алған. Видеода, алдын ала мәлімет бойынша, 19 жастағы Файзов Мухаммадсобир.

 

Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 

  • Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған. 
  • 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған. 
  • Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған. 
  • 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған. 
Талқылау