Криштиану Роналду бәсекелесі Мессиді басып озып әлемнің үздік футболшысы атанды
Мадридтік “Реал” мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2016 жылдың қорытындысы бойынша “Алтын допты” жеңіп алып және FIFA нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы атанды.
Роналду өзінің сүйіктісі Джорджина Родригеспен бірге
The Best сыйлығын Роналду Цюрихте өткен салтанатты марапаттау рәсімі кезінде алды. Бұл бәсекеде ол “Барселона” шабуылшысы Лионель Месси мен “Атлетико” футболшысы Антуан Гризманды артта қалдырды.
2016 жылы Роналду “Реал” сапында Чемпиондар Лигасын, Португалия құрамасымен Европа чемпионатын жеңіп алған болатын.
ФИФА сыйлығының жеңімпазы бапкерлер мен ұлттық құрама капитандары, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды.
Еске сала кетсек, 2010-2015 жылдар аралығында ФИФА мен France Football бірігіп үздік футболшыны таңдап келген. Ал биылғы жылы ФИФА мен France Football арасындағы серіктестік аяқталып, енді халықаралық футбол ұйымы мен журнал өздері жеке-жеке сыйлық табыстай бастады.
Бұған дейін Роналду France Football журналы тарапынан да “Алтын допқа” ие болған еді. Ол кезде де Месси мен Гризманды басып оза алған.