Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда криптовалютаға азық-түлік алып, қызмет төлеуге жағдай жасалмақ

Фото: Pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, суперкомпьютерді қосуға ниетті екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев форумда цифрлық даму мәселесіне тоқталды.

"Біз адам капиталына инвестиция салып, жас мамандардың қалыптасуына жағдай жасаймыз. Ең басты міндетіміз – аймақтар арасындағы алшақтықты азайту және орта тапты нығайту. Сол себепті цифрлық технология мен жасанды интеллектіден бастап жасыл энергетика мен қосымша құны жоғары өндіріске дейінгі негізгі секторлардағы әлеуетімізді күшейте береміз”, – деді президент.

Сөзінше, еліміз цифрлық трансформацияда елеулі табысқа қол жеткізді. Мақсатымыз – Еуразиядағы жетекші IT хабқа айналу.

“Жасанды интеллектіні дамытуға айрықша мән беріп отырмыз. Бірқатар шетелдік университеттің филиалы бар, зерттеу мен әзірлеу саласындағы серіктестік жолға қойылған академиялық және инновациялық хабқа айналғымыз келеді. Қазақстан ең қуатты суперкомпьютерді іске қосуға кірісті. Қазірдің өзінде бұл жұмыс басталып кетті”, – деді ол.

Бұдан бөлек, СryptoCity деп аталатын жаңа пилоттық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Мұнда криптовалютаны азық-түлік сатып алуға, қызмет төлеміне және басқа да мақсаттарда пайдалануға жағдай жасалады.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 29 Мамыр, 2025 11:36
Талқылау