Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚПЛ клубтары легионерлерсіз қалуы ықтимал

ҚПЛ клубтары легионерлерсіз қалуы ықтималФото:ҚПЛ

Қазақстан футболында жаңа өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AmanVIBE телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан футбол федерациясы ел кубогының бастапқы кезеңінде Премьер-лига клубтарына легионерлерсіз ойнау немесе олардың санын шектеу жөнінде ұсыныс жасауды қарастырып жатыр.

Қазіргі таңда 1/16 финалдағы шетелдік ойыншылардың қатысуына қатысты нақты шешім қабылданбаған. Бұл мәселе клубтармен талқыланып, содан кейін ғана түпкілікті шешім шығарылады.

Алғашқы ойындар сәуірдің 8–9 күндеріне жоспарланған. Бұл кезеңде командалар бір матчтан ғана өткізіп, келесі айналымға жолдама үшін сынға түседі.


Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен босатылды


FIFA Series 2026: Байсуфинов Қазақстан құрамасына шақырылған нақты футболшыларды жариялады


Қазақстан кубогына Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига командаларымен қатар әуесқой ұжымдар да қатысады. Жарыс жеңімпазы келесі маусымда еурокубоктарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Қазіргі уақытта турнирдің жеңімпазы қостанайлық Тобыл клубы.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026 13:21