Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көзден жас бұрқ етті": Жұлдыз Әбдікәрімова 11-сынып оқитын қызын айтып, жылап қалды

Танымал актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышының 11-сынып оқығанын көріп, жылап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Өнер иесі жаңа оқу жылында әсерлі жазба жариялап, мектепке баратын оқушыларға сәттілік тіледі. 

“Мидағы сан түрлі ойды арқалап, мектепке қарай қадамымды алшаң басып келемін. Әдеттегідей, қазір 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын (линейка) өтеді. Сосын ұстаздарды құттықтап, сынып сағатына қатысамыз да қайтамыз деген ойдан басқа баста дым жоқ) Күн суық, бұлт түнеріп тұр. Сезім 11-СЫНЫП оқушысы. Маған қарап, күлімдеп тұрған бойжеткен қыз – менің Сезімім. Уақыт қалай тез зымыраған? 1-сыныптан кейінгі он жыл қалай тез зырғып өткен?! Менің санам сені 11- сынып оқушысы ретінде қабылдауға дайын емес екен. Көзден жас бұрқ етті”, – деп жазды актриса. 



Одан кейін өнер иесі қызына қолдау білдіріп, сәттілік тіледі. 

“Қызым, мен сені Жаратқанның разылығы үшін, жандүниеммен жақсы көремін! Жолың ақ, өмірің мәнді, өрең биік болсын деп, қайталай бердім. Тамағыма келіп тығылған өксік не әрі, не бері кетер емес… Осы күнге дейін санам, деңгейім, күшім, қауқарым жеткенше өзіңе жол-жөн көрсетуге тырысып келемін. Үнемі қолдауға, қорғауға бармын”, – деп тілек білдірді кинопродюсер. 

Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімова ұлының ат спортынан жеңіске жеткенін хабарлаған еді. 

Талқылау