"Көзбен көріп, құлақпен естіген қандай қорқынышты": Жанболат пен Жазира Дубайда қалып қойды

Танымал жұлдызды жұп Жанболат Ерболатов пен Жазира Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты Дубайда қалып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншілер демалуға Біріккен Араб Әмірліктеріне барған көрінеді, алайда бүгінде барлық әуе рейсі тоқтатылғандықтан, елге қайта алмай отыр. Күні кеше Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында байланысқа шықты.
“Директ пен WhatsApp-қа жазып жатқан барлық туған-туыс, дос-жарандарға рақмет. Біз жақсы хабар күтіп отырмыз. Алаңдамаңыздар. Ниеттеріңізге көп рақмет! Алла қаласа жақсы күнде жолығамыз”, – деді Жазира Байырбекова.
Бүгін әнші Дубайдағы жарылыстар жайында сөз қозғады. Ол жарылыстың қатты дауысынан балаларын қорқытпау үшін мұны “мерекелік отшашу” деп түсіндіргенін айтты.
“Даратайымды мереке қарсаңында салюттер атылып жатыр” деп алдап қоямын. Көзбен көріп, құлақпен естіген қандай қорқынышты”, – деп жазды ол.
Видеода қызы “Бір нәрсе біз жаққа түсті. Ол біздің үй жақ па?” деп сұрайды. Сондай-ақ кадрлардан зымыраннан қалған түтіннің іздерін байқауға болады.
Айта кетейік, жақында ғана Жанболат пен Жазираның ұлы Мальдив аралдарында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, діни некесін қидырған еді.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған