Қояндар туралы қызықты мәліметтер
Табиғатта қояндардың 30-ға жуық түрі кездеседі. Бұл сүтқоректілер жайлы қызықты мәліметтерді біле жүріңіз.
- Қоянды Антарктидан басқа барлық континеттен кездестіруге болады.
- Кеңінен тараған түсінікке қарамастан, қояндар ет жемейтін жануар емес. Олар етті ынталана жейді.
- Сонымен қатар, қояндар біз ойлағандай зиянсыз жануар емес. Олардың өткір тырнақтары бар күшті артқы аяқтары – нағыз қорқынышты қару. Әрине, қоянның сипаты мынадай: олар тек тығырыққа тірелгенде ғана қорғанады. Әйтпесе, ол өзін қуған қауіптен барынша қашып құтылуға тырысады.
- Қоян кездесетін барлық жерлерде олар аң аулау объектісі болып табылады. Және олар өте белсенді түрде көбейетіндіктен ғана әлі күнге дейін жойылып кеткен жоқ.
- Қояндар алдыңғы табанымен барабанның даңғырын шығару арқылы, бір-бірімен сөйлеседі.
- Оларға берілген «қисық» деген лақап атқа қарамастан, шын мәнінде қояндар қыли емес. Қоянға қыли деген атауды аңшылар бұралаңдаған жылдам жүгірісі мен ізді шатастыру әдетіне байланысты берген.
- Айтпақшы, қояндар жүгіру кезінде себеппен себепсіз бұралаңдамайды. Олардың сол және оң жақ артқы аяқтары туғаннан асимметриялы болып келеді.
- Қауіптен қанша қашса да, қояндар өзінікі деп есептейтін аумақты тастап кетпейді.
- Жүгіру кезінде қояндар сағатына жетпіс шақырым жылдамдыққа дейін жүгіре алады.
- Қояндар қажет болғанда, колобок тәрізді жылжу арқылы төмен қарай тез түсе алады.
- Ұрғашы қоян орташа есеппен алсақ еркегіне қарағанда екі есе ұзақ өмір сүреді.
- 2.5 миллион жыл бұрын жойылып кеткен ең ірі Менорка қоянының салмағы жиырма келіге жетуі мүмкін еді.
- Қоянның тістері өмір бойы өседі. Сондықтан оларды қайрау үшін қояндарға қатты нәрсені кеміруге тура келеді.
- Кейбір жағдайларда ұрғашы қояндар алғашқы көжегін туғанға дейін қайтадан жүкті болып қалуы мүмкін.
- Кәдімгі қоян мен ор қоян сияқты бір-біріне ұқсайтын осындай жануарлардың ортақ ұрпақтары болуы мүмкін емес.
Тағы оқыңыз
Талқылау

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
Осы шудан соң Айгүл Орынбек Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылғаны хабарланды

Ата-аналар жекеменшік мектептердегі оқу ақысының қымбаттауына наразы: Биыл білім алу құны қаншаға өсті?
Haileybury Astana-да 10-13 сынып оқушысына бір жылда 18,1 миллион теңге кетеді