Костенко шахтасында 46 шахтердың қазасы бойынша 10 адам сотта жауап береді
Бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау"-дың Костенко атындағы көмір шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: АрселлорМиттал
2023 жылы 28 қазанда жерасты тазарту қазбаларында орын алған қайғылы оқиға нәтижесінде 46 кенші қаза тауып, тағы 28 кенші жарақат алған.
Сот отырысына мемлекеттік айыптаушылар, жәбірленушілер, олардың өкілдері, сотталушылар мен қорғаушылар қатысты.
Шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам сотқа тартылды. Барлығына Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі “Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу” бойынша айып тағылды. Сотталушылар қамауда.
Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды. Қылмыстық іс ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "№61 мекеме" РММ ғимаратында қаралады.
Айта кетейік, 28 қазан күні төтенше жағдай аймағындағы өрттен кейін Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, оның 46-сы көз жұмды. Апаттан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған еді. Қарағанды облысында кеншілердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.