Қостанайлықтарды қорқытқан нысанның не екені белгілі болды
Қостанайлықтарды алаңдатқан аспандағы белгісіз нысанға қатысты ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі ресми хабарлама жасады.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қостанай қаласының тұрғындары 26 қыркүйек күні әлеуметтік желіге аспанда ұшқан белгісіз нысанның суретін жариялаған болатын. Мұнымен қатар, сол күні “Капустин Яр” полигонынан “Тополь” құрлықаралық баллистикалық зымыранының сынақ түрінде ұшырылғаны хабарланған. Суреттегі құбылыс осы зымыран ұшырылғаннан кейін пайда болыпты.
“Баллистикалық зымырандардың ұшырылуы жөнінде қазақстандықтарға алдын ала ақпарат тарату мүмкін емес. Бұл Ресей Федерациясы қарулы күштерінің жеке құзырындағы шаруа. Қандай да бір шабуыл немесе мемлекеттік шекара ережелерін бұзу әрекеті емес”, – делінген ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Жіберіп алмаңыз:
Депутат Түркияда жапа шеккен қазақстандықтарға көмек көрсетуді талап етті
Жылан шаққан блогер тікелей эфир кезінде көз жұмды (видео)
Ақтауда жүргізуші куәлігі жоқ мас адам балалы әйелді қағып кетті