Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы анасының рұқсатынсыз көлікке отырғызып әкеткен

Қостанайлық полицейлер ата-анасының рұқсатынсыз небәрі 10 жасар баланы көлікке отырғызып әкеткен. Қазіргі уақытта аталған іске байланысты қызметтік тергеу жұмыстары басталды.

Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД қызметінен хабарланды, деп жазады Stan.kz.

19 қыркүйек күні сағат 17.20 шамасында полицияға ұрлық туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен заң қызметкерлері зардап шеккен әйел мен оқиғаның жалғыз куәгері 10 жасар баланы тапқан. Жеткіншек күдіктінің бейнесін егжей-тегжейлі сипаттап, қылмысты әшкерелеуше көмектескен.

“Ұрлықты әшкерелеу үшін полицейлер әйел мен баланы патрульдік көлікке отырғызып алды», – делінген ІІД баспасөз хабарламасында.

7 минут ішінде полицейлер баланы үйіне әкеліп, әкесінің қолына табыстапты. Сол күні тәртіп сақшылары ұрлық жасаған 14 жастағы жасөспірімді ұстап алды.

Бұдан кейін куәгер баланың анасы ұлын рұқсатсыз әкетіп қалғаны үшін полицейлердің үстінен шағымданған.

Жіберіп алмаңыз:

Оқулықтағы эротикалық сурет туралы қауесет таратқан адам жазаланбақ

Қарағандыда 5 жасар қызды зорлаған педофил тағы 1 ай қамауда отырмақ

Қарағанды облысында алғашқы қар жауды

Қостанай облысы: Жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен депутат ұсталды

Талқылау