Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда зират басында жайылып жүрген жылқылардың иесі жазаланды

Қостанай облысының ауыл шаруашылық және ветеринарлық департаментінің қызметкерлері әуежай маңында жылқылар жайылып жүрген зиратты тексерді.

Қостанайда зират басында жайылып жүрген жылқылардың иесі жазаланды

Бұл туралы Alau.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Зиратты тексеру нәтижесінде Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің қызметкерлері жылқылардың қожайынын да тапты. Ол зираттың жанында орналасқан шаруа қожалығының иесі екен.

«Жануар иесі ҚР 505-бабын бұзғаны, яғни «қаланың және елді мекендердің аумағын жақсартуды, сондай-ақ инфрақұрылымның бұзылуы, қаланың және елді мекендердің көгалдануының жойылуына және бүлінуіне әкелгені» үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді ол 72 мың 150 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тиіс», – деді Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшының орынбасары Арман Ахметқали.

Әуежай ауданындағы зиратқа «Стикс 2012» ЖШС қызмет көрсетеді екен. Оларға осы аумаққа жануарлардың  кіріп кетпеуін қадағалап, күзет қызметін күшейту тапсырылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай тұрғындары зират  басында жылқылардың жайылып жүргеніне шағымданған.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбе тұрғындары лифтіде жан тапсырған тележүргізушіні ақтық сапарға шығарып салды (фото)

Астанада жоғалды деген 21 жастағы жігіт аман-есен табылды

Мұсылмандарға пасхаға арналған тағамдарды жеуге бола ма?

Шетелдік ырғақты әнге заманауи би қимылдарымен билеген әжей желіні шулатты (видео)

 

 

 

 

Талқылау