Қостанайда жоғалып кеткен үш қыз ертерек ересек өмірді бастағылары келіпті
Лисаков қаласында жоғалып кеткен жасөспірім үш қыз Қостанайдағы орталық базардан табылған.
Бұл туралы alau.kz хабарлайды.
“Олардың жағдайлары дұрыс, аман-сау. Жасөспірімдер тек қыдырыпты. 800 теңге төлеп автобус арқылы келген. Қостанайға келіп, ересектер секілді өмір сүруді қалапты”, – деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Балсұлу Әлекенова.
Оның сөзінше, қыздар өздері алдын ала келісіп қойған таныстарының үйінде қонған. Қазір олар қайтадан Лисаков қаласына жіберілді. Бұған дейін жасөспірімдердің жоғалғаны туралы әлеуметтік желіде жарияланған еді.
Оқи отырыңыз:
2 жасар қыз әжесіне әкесінің анасын қалай өлтіргенін айтып берген
Қазақстандық әйел 9-өлшемдегі омырауын кішірейте алмай қиналып жүр (фото)
ҰБТ тестіне Баян Есентаева жайлы сұрақтың неліктен енгізілгені түсіндірілді
Қызылорда облысында ұлы анасына бауырын беріп өміріне араша түсті