Қостанайда зейнеткер алаяқтарға 3,3 миллион теңге аударып жатқан жерінен құтқарылды (видео)
Фото: Видеодан скрин
Қостанайда полиция 71 жастағы зейнеткерді алаяқтардың қолынан аман алып қалды. Оларға WhatsApp арқылы хабарласқан қылмыстық схеманың қатысушысы әйелді банк депозитінен 3,8 млн теңге алуына сендірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алаяқ өзін "заңгер" ретінде таныстырып, әйелдің атына ашылған 3 миллион теңгелік виртуалды картаға қаражаттың күдікті адамға түскенін айтып қорқытқан. Оны "терроризмге қатысы бар" деген желеумен шоттарын қорғау үшін ақшаны тез аударуға мәжбүрлеген.
Зейнеткер қаладағы сауда орталығының терминалы арқылы ақша аударып жатқан кезде, дүкен қызметкері күдікті жағдайды байқап, оған тоқтауға тырысқан.
Әйел бастапқыда қарсыласып, "кедергі жасамауды" сұрағанымен, полиция мен көршілердің араласуынан кейін ғана жағдайдың алаяқтық екенін түсініп, 3,3 миллион теңге қаражатын сақтап қалды.
“Мені шақырып жатыр. Полиция майоры шақырып жатыр. Мені қазір тергеу изоляторына алып кеткісі келеді. Неге мені осы іске тартып жібердіңіздер? Қайда кетемін? Олар мені жасырған ғой. Сәл күтініз. Неге бұлай? Себебі дүкенде бәрі алаяқтардан қорқатыны байқалды. Шындықты айтып бере аламын. Ешқайда кетпеймін. Не істеуім керек? Сіздер бәрібір тексеріс жүргізесіздер. Сіздер, шынымен де, әбден шаршаттыңыздар”, – деп зейнеткер полицейлерге ашуланған.
Дегенмен 500 мың теңге алаяқтардың қолына түсіп үлгерген.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстандықтарға туған күні қоңырау шалатын алаяқтар туралы ескерту жасалды
Еске салайық, бұған дейін Оралдағы сауда орталығының банкоматы жанында зейнеткер алаяқтардың қысымына қарамастан 1,3 миллион теңге аударуға дайын тұрған. Телефондағы бейтаныс әйел оған қадам-қадам бойынша нұсқау беріп, айналадағы адамдар сұрақ қойса “ақшаны қызыма жіберіп жатырмын” деп айтуға кеңес берген. Зейнеткер абыржып, тіпті полицейлердің түсіндіруіне қарамастан, алаяқтарға сенген. Кейін телефондағы “баласы” мен өзін полиция қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар ақшаны міндетті түрде аударуын талап еткен. Алайда полиция қызметкерлері дер кезінде араласып, аударымды тоқтатып, зейнеткерді алаяқтардан қорғады.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
