Қостанайда ұйықтап жатқан қызға жыныстық әрекеттер жасаған ер адам сотталды
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасқа толмаған қызға сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттер жасаған ер адамды жазасын түзету колонияда өтеумен 11 жылға бас бостандығынан айыруға соттады.
“Қылмыстың кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне бағытталуына байланысты, сотқа дейінгі тергеу басталған сәттен бастап, іс облыс прокуратурасының бақылауында болды”, — деп атап өтті Қостанай облысы прокуратура басқармасының бастығы Қайрат Жүсіпов.
2016 жылғы 31 қазанда кәмелет жасқа толмаған қыздың анасы Қарабалық АІІБ-ге өзінің 14 жастағы қызына жыныстық сипаттағы әрекет жасаған 45 жастағы ер адамды жауапқа тарту туралы арыз түсірген. Ер адам зардап шеккен баланың әжесімен тұрған. Сол күні күдікті қамауға алынды.
Бұрын соңды ол қарақшылық үшін сотты болған. Тергеу барысында, жыныстық сипаттағы әрекеттерді ер адам қыз ұйықтап жатқан кезде жасағаны анықталды.
Талқылау