Қостанайда такси жүргізушісі жолаушыны пышақтады деген күдікке ілінді
Қостанай қаласында такси жүргізушісі клиентін пышақтады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілген.
"Аталмыш дерек тіркелді. Полиция жүргізген тексеріс барысында жәбірленушіні жарақаттаған такси жүргізушісі екені анықталды. Жәбірленуші мен жүргізуші арасында жанжал болған", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен тергеу жүріп жатыр.
Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық шара қабылданып жатқанын мәлімдеді.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы