Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда қызды зорламақ болғандардан құтқарамын деп 8 жылға соттала жаздаған күзетші ақталып шықты

Қостанайда әйел зорламақ болғандарды қуу кезінде қару қолданған жекеменшік күзетшінің әрекеті заңды деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қостанай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шыңғыс Исахметов

Осы уақытқа дейін жекеменшік күзетші Шыңғыс Исахметовтың үстінен ҚР ҚК 252-баптың 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Ер адам 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Күзетші зорлау ісіне қатысы бар күдіктіні қуып баар жатып қару қолданған. Қостанай облысы полиция департаменті басшысының кеңесшісі Елена Кашарина күзетшінің әрекеті қаншалықты заңды екенін тексермеске амалы болмағанын айтады. Ұсталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қостанайды зорланғалы жатқан қызға көмектеспек болған күзетшінің өз басы дауға қалғаны туралы хабарлаған едік. Оны өз қызметін асыра сілтеп пайдаланды деп айыптады. 

Талқылау