Қостанайда ер адам жолдастарымен бірігіп бұрынғы әйелін өлтірген
Қостанайда ер адам екі сыбайласымен алдын ала келісіп алып, бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді, қылмыс барысында әр қатысушының өз рөлі болған.
Қылмыстық істің деректері бойынша, 2017 жылы 29 қаңтарда сағат 15.00 кезінде П. Қостанай қаласы Краснопартизанский бейіті жанында орналасқан үйде отырып, мас күйінде Б. досына телефон соғады.деп хабарлайды Sputnik.
“Телефон арқылы П. күйеу баласына досын ертіп келіп, бұрынғы әйелін өлтіруге көмектесуді сұрайды. Ер адам тіпті сыбайластарын рөлдерге бөліп қойған: біреуі аяғын, екіншісі қолдарын ұстайды, ал өзі әйелді тұншықтырады. Күйеу баласы келісе кетеді”, — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сол күні сағат 18.00-кезінде П. тағы да күйеу баласына хабарласып, шақырады. П.-ның бұрынғы әйелі мас күйінде, ұйықтап жатқан.
“Кісі өлтіру алдын ала келісілген жоспар бойынша орындалған. Ер адам ұйықтап жатқан бұрынғы әйелін жастықпен тұншықтырады, ал қалған екеуі әйелді ұстап тұрыпты”, — делінген хабарламада.
Ер адамды мұндай қадамға не жетелегені белгісіз.
Сот үкімімен үшеуі де ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3,7-пункттері бойынша айыпты деп танылды.
П. 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Б. 16 жарым жылға, С. 15 жыл бір айға сотталған.
Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.
Тағы да оқыңыз:
Америкалық актер сириялық балаларға 2 млн доллар садақа бермек
Алматылық қыз көше ортасымен тыржалаңаш жүрді (видео)
Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан 20 планшетті ұрлап кетті