Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда ХҚКО-ның қызметкері бұрынғы әйелін атып өлтірді деген күдікке ілінді

ХҚКО қызметкері бұрынғы әйелін атып өлтіргенФото: Gov.kz

Қостанайда 37 жастағы әйелдің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде оның бұрынғы жұбайы танылып отыр. Ақпаратқа сәйкес, ер адам әйелдің басынан аңшылық мылтықпен екі рет оқ атқан. Ол өз еркімен полицияға келіп, кінәсін мойындаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға облыс орталығының шағын аудандарының бірінде болған. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, күдікті – 47 жастағы ер адам. Ол Қостанай облысындағы “Азаматтарға арналған үкімет” филиалының қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген.

Қылмыс жасағаннан кейін ол өзі полицияға барып, болған жағдай туралы хабарлаған.


Бұрынғы әйелін соққыға жығып, мүгедек қылған ер адам қоныс-колонияға ауыстырылған

"Менен кетпейсің, кетсең тек мәйітің шығады": Ұлытау облысында күйеу жігіт қолдан жол апатын жасап қалыңдығын өлтірді


Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Алдын ала деректер бойынша, әйел тұрмыстық жанжал барысында алған оқ жарақатынан көз жұмған”, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Күдіктінің атына тіркелген аңшылық мылтық тәркіленді.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026 12:02