Қостанайда ер адам 11 жасар қызды ұрып-соғып, зорламақ болды
Қостанайда белгісіз ер аадм 11 жасар қызға тап беріп, ұрып-соғып зорламақ болған. Абырой болғанда, сол маңдағылар қыздың айқайын естіп, полицейлермен бірге күдіктіні ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сол жерде болған әйел қыздың соққыға жығылғанына куә болғанын айтқан. Қорқып кеткен ол айқайлап, көмек сұрай бастапты. Әйелдің даусын естіген жігіттер жүгіріп келіпті. Ал күдікті қашып кетпек болған.
Алайда жігіттер ер адамның соңынан қуа жөнеледі. Осы кезде полицейлер де келіп жетеді. Олар күдіктіні қолға түсірді.
«Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Көрінеу кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктің Қостанайдың 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол «уытқұмар» ретінде есепте тұр», - дейді полициядағылар.
Бүгінде күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Полиция жәбірленген қызға көмектескендерді марапаттауды жоспарлап отыр.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды