Қостанайда еден жуушы әйел өзін мектеп директорының зорлағанын дәлелдей алмай жүр
Қостанай облысындағы, Перцевка ауылының тұрғыны Анна Белоусова ҚР қаржы министрілігінен өзіне 7 миллион теңге төлеуін талап етті.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
2015 жылы шілде айында еден жуушы әйелге мектеп директоры жыныстық қысым көрсеткен. Және мұндай әрекет біраз уақытқа дейін жалғасып келген. Қаншама дәлелдердің болғанына қарамастан директор сотта еден жуушы әйелді жалақор деп атаған. Жағдайға араласқан БҰҰ комитеті істі терең талдап зеттей келе, Белоусованың құқығының бұзылғанын, енді оған мемлекеттің өтемақы төлеу керектігін айтып, міндеттеген.
Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның Қостанай аймағы бойынша директоры Анастасия Миллердің айтуынша, Рудный қалалық білім бөлімі өтемақы төлеу туралы шағымды кері қайтарған. Ал сот болса халықаралық келісімді бұзуға қалалық білім бөлімінің құқығы жоқ деп жария етеді. Сол себепті Белоусованың 7 миллион өндіремін деген шағымы енді мемлекеттік қазынаның құлағын ұстап отырған орган ретінде ҚР қаржы министрлігіне бағытталған.
Қазір шағымды Сарыарқа аудандық соты қарап жатыр. Әйелдің адвокаты Сенажанна Ким мен құқық қорғаушы-заңгер Анастасия Миллер БҰҰ-ның шешімі қайткен күнде де орындалуы керек деп отыр. Себебі мұндай міндеттемені Қазақстан мойнына алған екен.
Оқи отырыңыз:
Қызылордалық кейуана 20 жылдан бері қызынан таяқ жеп келе жатқанын айтып жылады
Көшеге дәрет сындырған жiгiттi қызылордалық полицейлер сотқа жалаңаяқ сүйреп әкелді (видео)
Талдықорғандық жігіт көлікті тісімен еркін сүйреп жұртты өзіне қаратты (видео)
Қостанайда екі азамат тауып алған ақшаны иесіне қайтарудан бас тартты (видео)