Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда автобус жүргізушісі жүкті әйелді есікпен қысып тастаған

Қостанай қаласының 28 жастағы тұрғыны Жұлдыз Мырзахметова №38 бағыттағы автобус жүргізушісінің дөрекілігі туралы айтып берді.

IMG_7611-14-06-17-11-43-640x360

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Оның айтуынша 12 маусым күні автобусқа кірмек болған кезде оны есік қысып қалған. Ол жүктіліктің төртінші айында екен.

“Ол есікті жаппақшы болған соң, менің артқа қарай ығысып, автобустан шығуыма тура келді. Мен айна арқылы наразылығымды білдіргеннен кейін ол қайтадан есікті ашты. Мен жүргізушінің қасына келіп: “Неге айнаға қарамайсыз?” деп, оның есімін біліп алғым келді. Ал ол болса: “Сіз не менімен танысқыңыз келіп тұр ма?” дейді. Содан кейін Сергей деп атын айтып, автобус нөмірін жазып ал деді. Ал мен шағымданатынымды айттым”, – дейді Жұлдыз.

Осыдан соң әйел өзін қолайсыз сезініп, ауырып қалған.

“Үйге барамын дегенше ауырып бардым, қазір де ауырып тұрмын. Сосын ол кенеттен тоқтаған кезде мен соқтығысып қалдым. Ол бұған тіпті кешірім де сұрамады. Өкініш білдірерлік бір ауыз сөз айтқан жоқ. Түн болса бір жөн байқамай қалатын, тапа тал түсте көрмей қалдым деу қып-қызыл өтірік ғой. Әрине, оның жұмыстан шығарылғанын жөн көрмеймін, бірақ ескерту түрінде болса да жазалануы керек”, – дейді ол.

Жұлдыз оқиға туралы “Сапар” ЖШС диспетчеріне айтқан. Ал диспетчер журналистке зардап шегушінің шағымын басшылыққа жеткізгенін айтты. Әрі қарай нақты қандай шешім қабылданғаны белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Алматыда әйел адамның бөтен баланы аямай ұрып жатқан сәті жарияланды (видео)

Астана тай бокс бапкері жанып жатқан үйден балалы әйелді құтқарып шықты (видео)

Павлодарда екі жігіт көше ортасында бір топ жігітпен төбелесті (видео)

Алматы облысында дәретханаға түсіп кеткен телефонның кесірінен үш адам көз жұмды

Талқылау