Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда 13 жасар қыздың көзінен атқан қазақстандық блогер Ресейде ұсталды

Қостанайда 13 жасар қыздың көзінен атқан қазақстандық видеоблогер Челябинскіде ұсталды.

1556448

Фото: Руслан Кривобок

Қостанайда 14 жасар қыздың көзін жарақаттаған жас жігітті полиция ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полицейлер жігітті жеті ай бойы іздеген.  Қостанай облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашаринаның хабарлауынша, оқиға өткен жылдың 5 шілдесінде орын алған. Он сегіз жасар жігіт қыздың тура бетіне атып, бірден жасырынған. Әзірге анықталмаған пневматикалық тапаншадан атылған оқ қыз баланың көзіне тиген. Оны қостанайлық офтальмологтар шығара алмаған.

Қыз ұзақ уақыт бойы Мәскеуде емделген. Ол ұзақ уақыт бойы оңалтудан өтуге тиіс. Күдіктінің қостанайлық  видеоблогер болғаны, Youtube-та каналының болғаны белгілі.  Полицейлер қылмыстық істі тергеуді жалғастырды. Жас жігіт Челябіде 8 ақпанда ұсталды. Қостанай облысының полициясында бұл ақпаратты растады. Қазір оны қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Жіберіп алмаңыз:

Түркістандық мұғалімдерге сыйақыға берген 25 мың теңгені кейін жалақыларын ұстап қалған

Шымкенттік әйел тәуіпке өзі сұратқан 189 мың теңгесін беріп алданып қалғанын айтты

Туған қызынан оңбай таяқ жеген Астана тұрғыны жұрттан көмек сұрады

Қазақстандық әке бесікте жатқан қызын лақтырып сал қылды

Талқылау