Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай түрмесінде уланған сотталушылар: Мекемеде ақпараттық қызмет телефоны іске қосылды 

Қостанай облысының Құсмұрын ауылындағы УК 161/4 түрмесінде жазасын өтеп жатқан сотталушылар уланып қайтыс болғаннан кейін мекемеде ақпараттық қызмет телефоны іске қосылды, деп хабарлайды Құсмұрын ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«УК 161/4 мекемесінде орын алған жағдайға байланысты ҚАЖ департаментінің бастамасымен ақпараттық қызмет телефоны іске қосылды. Сотталғандардың отбасы мен туыстары осы телефон арқылы олардың жай-күйі туралы ақпарат алуына болады. 8 -714-53-28-0-91 телефон нөмірі күнде жұмыс істейді. Мекемедегі белгіленген жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін», – деп мәлімдеді Құсмұрын ҚАЖ департаментінің  баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, 20 наурызда Қостанай облысының Құсмұрын аулында УК-161/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 4 сотталушы органикалық еріткіштен уланып, көз жұмған еді.

Сотталушылардың өлімі туралы факті сотқа дейінгі тергеу амалдарының біріңғай реестрінде тіркелген. Әулиекөл ауданының ІІБ қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысының тұрғыны танымал телешоудан 10 миллион теңге жеңіп алды

Су тасқыны Өскемен қаласына да жетті

Алматыда киіз үйге кірмек болған ақсақалды екі жігіт кеудесінен итеріп қуып шықты (видео)

Уәде берем: Беташар кезінде енесінен оқтауды алып ант қабылдаған келін жұртты күлдірді (видео)

Талқылау