Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында қыз бала сырғанақтан құлап көз жұмды

Дәрігерлер ота жасаған, алайда, қызды өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

086245

Фото: Sergey Malgavko

Қостанай облысының Затобольск кентінде 12 жасар қыз сырғанау кезінде басынан жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлайды өңірлік Алау басылымы.

Қайғылы оқиға 3 қаңтар күні кешке орын алған.  “Қыз бала облыстық ауруханаға жарақатпен түсті. Дәрігерлеріміз қызға ота жасады. Өкінішке орай, қызды құтқарып қалу мүмкін болмады. Қыз 4 қаңтар күні таңертең ауруханада көз жұмды”, — деп хабарлады Қостанай облыстық аурухананың бас дәрігері Фазылбек Темірханов.

Жіберіп алмаңыз:

Шахан тұрғыны әйелі мен сәбиін жер қойнына тапсырды

Дәрігерлер балалардың смартфон, планшет алдында қанша уақыт отыру керегін айтты

Алматы облысы тұрғындары мұғалімнің жеткіншектерден таяқ жедім деп жала жапқанын айтады

Талқылау