Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында бензин бағасы 155 теңгеге шарықтап кетті (видео)

Қостанай облысында АИ-95 бензинінің бағасы 155 теңгеге дейін көтеріліп кетті. Бағаның шарықтау қаладағы көптеген жанармай бекеттерінде байқалған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл жағдай көптеген қостанайлықтарды аң-таң қылып тастады. Тұрғындардың сөзінше бағаның өсу құбылысы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні болған.

“Жұма күні ғана 152 теңге бойынаша жанармай құйған едім, ал кеше 155 болып кетіпті. Баға өсіп жатыр. Мұның немен байланысты екені де түсініксіз”, – дейді жүргізуші Розаима Кан.

Көптеген бекеттерде көлік тығыны болып, уақытылы жанармай құюдың өзі мұңға айналған.

Оқи отырыңыз:

Талқылау