Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысы: Жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен депутат ұсталды

Рудный қаласы мәслихатының депутатына қатысты «Жеңгетайлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жыл басынан бері Рудный қаласында 3 жеңгетайлық фактісі тіркелген. Жақында жеңгетайлықпен айналысып жүрген 25 жастағы рудныйлық Юлия Каралашқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әйел «Соколов-Сарыбай» кен өндіру басқармасы» АҚ Техникалық даму және технологиялар департаментінде қызмет етеді. Ол, тіпті, бірнеше республикалық мәдени байқаулардың жүлдегері болған. Күдіктіні облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған.

Әйелдің үстінен ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, халық қалаулысы 9 қыркүйек күні 29 жастағы Рудный қаласының тұрғынына 24 жастағы қызды 60 мың теңгеге ұсынған. Қыздың жезөкшелікпен айналысуына «жағдай жасаған» депутаттың қылмысы дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Жіберіп алмаңыз:

Қызылордада марихуана егілген ірі алқап анықталды

23 қыркүйекте елдің басым бөлігінде жел тұрып, жауын жауады

Жамбыл облысында жаппай мал қырылып жатыр

Алматыда күйеуімен ажырасқан әйел екі айдан бері балаларымен далада түнеп жүр

Талқылау