Қостанай облысының полициясы қаза тапқан криминалистің отбасына 23 миллион теңге өтемақы төлемек
Фото: ng.kz
Қостанай облысында полицейдің кәсіби қызметіне байланысты қылмыскердің құрбан болғаны дәлелденіп, оның анасы мемлекеттен 23 миллион теңге өтемақы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Halyqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
2024 жылғы мамырда жақында түрмеден босап шыққан рецидивист Виктор Сербокрыл криминалист Кумар Шойтасовқа кек алу жоспарын жүзеге асырды. Жазасын өтеп шыққан Сербокрыл оны, сондай-ақ іс бойынша жұмыс істеген тергеуші мен Ұзынкөл ауданы полиция басқармасының сарапшысын өзінің дұшпандары деп санаған. Өйткені олардың әрекеттері салдарынан ол бір жыл түрмеде отырған деп айтқан. Кейін Виктор Сербокрыл мерзімінен бұрын босатылған.
Қылмыскер полицейді оның үйінен тауып, аса қатыгездікпен өлтірген. Сол уақытта полицей еңбек демалысында болған. Осы жағдайға сілтеме жасап, полиция департаменті анасының сотқа талап арызын қанағаттандырмауды сұрады. Бірінші инстанциядағы сот департаменттің ұстанымымен келісіп, анасының талап-арызын қанағаттандырмай, өлім кезінде полицей қызметтік міндетін атқармаған деп шешті.
Сербокрылға өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі шықты және ол 5 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Анасы сонымен қатар облыстық полиция департаментінен ұлының өліміне байланысты 23 млн теңге біржолғы өтемақы өндіріп алу үшін сотқа жүгінді. Апелляциялық инстанция алғашқы шешімді өзгертті. Сот полицейдің өлімі кәсіби қызметіне байланысты болғандықтан, департамент 60 айлық жалақы көлемінде өтемақы төлеуі керек деп тапты.
Сот коллегиясының шешімі бойынша Қостанай облысы полиция департаментінен 23 млн теңге көлемінде өтемақы өндірілді. Бұл шешім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында полицейді кек алу мақсатында өлтірген Виктор Сербокрыл өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қылмыс кезінде полицей еңбек демалысында болғанына қарамастан, ол ерекше қатыгездікпен өлтірілген. Сот сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге өтемақы төлеуді міндеттеді.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
