Қостанай облысында үш ұлдың анасы бірден үш қызды дүниеге әкелді

Қостанай облысында соңғы үш жылда алғаш рет үшем дүниеге келді. Үш ұлы бар әйел тағы үш қыз босанып, бір күнде алты баланың ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің желідегі парақшасында 31 жастағы Сымбар Шарапиеваның бақытты сәтінен видео жариялады.
“Жүктілік табиғи жолмен болған. Қостанай ауданында тұратын Шарапиевтер отбасында бұған дейін үш ұл өсіп келе жатқан болса, бір күнде отбасында бірден үш қыз дүниеге келді. Жаңа туған сәбилердің екеуінің салмағы – 2600 грамм, біреуінікі – 2300 грамм. Барлығының бойы — 49 сантиметр”, – деп жазды ведомство.
Облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ананың да, балалардың да жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.
Мамандар көпұрықты жүктілік жүктілік кезеңінде де, босану кезінде де жоғары қауіп тобына жататынын, мұндай жағдайда тұрақты медициналық бақылау мен перинаталдық көмектің жоғары деңгейі қажет екенін атап өтті.
Үшемнің анасы Сымбат Шарапиева жүктілік кезінде бірнеше рет емделіп, босанған Қостанай облыстық ауруханасының ұжымына алғысын білдірді.
“Бірінші УЗИ-де егіз деді, ал екіншісінде үшем екенін айтты. Бәріміз таңғалдық. Жүктілік бір қалыпты өтті. Сәл қиналдым. Мұнда дәрігерлер жақсы қарады”, – дейді Сымбат.
Сыбаттың үлкені ұлы 10 жаста, екіншісі – 8-де, үшінші ұлы ақпанда 4-ке толады. Үш қыздың атын Адия, Аиша және Асел деп қойыпты.