Қостанай облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

Фото: instagram.com/sadenov_online
Қостанай облысында учаскелік полиция инспекторы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, марқұмның отбасына көңіл айтты.
Полиция қызметкері жол апатында қаза тапқан, басқа мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.
"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол апатында қаза тапқан Қостанай облысы полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Батырсаим Зайтиновтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады. Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді”, – делінген жазбада.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жыл да нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі