Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында питбуль 3 жасар қыз баланы талап тастады

Қайғылы жайт Қостанай облысындағы Тобыл қаласында болған. 3 жастағы ойын баласын ит талап тастаған. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі Alau.kz сілетеме жасап хабарлайды. 


Оқиға 6 мамырда болған, питбуль тұқымдас ит 3 жасар қыз баланы талап, бетіне қатты зақым келтірген. 

Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімі меңгерушісінің айтуынша, бала өте ауыр халде түскен. 

"Бізге келгенде баланың жағдайы нашар болды. Қатты шошынған. Беті, ерні жыртылып кеткен. Шұғыл түрде ота жасалды. Ернін, бет терісін тіктік. Балақай жансақтау бөлімінде бірнеше күн бойы жатты", - дейді Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкий.

Дәрігердің айтуынша, баланың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Жүріп-тұра алады, өздігінен тамақтанады. 

"Тіккен жерлерін бақылауда ұстап отырмыз. Себебі ит талаған соң әдетте жара іріңдеп, инфекция тікелей миға әсер етеді. Бұл жағдайда жаралары іспеген. Бірнеше күннен кейін тігістерін аламыз. Сосын баланы үйіне жібереміз",- деп қосты Игорь Белобржицкий.

Нұрқанат Омарұлы
Дүйсенбі, 15 Мамыр, 2023 09:27