Қостанай облысында бірқатар мектептер қашықтан оқытуға көшті
Фото: Рexels.com
Қостанай облысындағы бірқатар мектептерде 15 желтоқсанда бірінші ауысымда оқитын оқушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Амангелді және Жангелдин аудандарындағы 1–11 сынып оқушылары онлайн оқиды.
“Өңірде бүгін қар жауып, боран соғауы ықтимал. Облыстың оңтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 15–20 метр, екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді, ал батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда кей уақытта секундына 30 метр және одан да жоғары болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде және күндіз 9–14 градус аяз, солтүстік пен батыста 17 градус аяз болады”, – деп мәлімдеді “Казгидромет”.
Атырауда қолайсыз ауа райына байланысты барлық мектептер қашықтан оқуға көшті
Қазақстанда оқушылар тұмшаға байланысты қашықтан оқуға көше алады
Еске салайық, бұған дейін де Қостанай облысындағы мектеп оқушылары аязға байланысты қашықтан оқыған еді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?