Қостанай облысында банк қызметкері 87 миллион теңгені жымқырып, шетелге қашып кеткен
Қостанай облысында банк қызметкері 87 миллион теңгені ұрлады деп күдіктеліп отыр. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Алау» порталына сілтеме жасап.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, банктердің бірінің Жітіқара ауданындағы филиалында қомақты көлемде ақша ұрлануына байланысты ҚР ҚК «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Қылмыс жасады деген күдікке банк қызметкері ілінді. Ол өзіне сеніп тапсырылған 87 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырып, жасырынған. Тергеу анықтағандай, оо 12 қарашада шекараны кесіп өтіп, Ресей Федерациясы аумағына өткен. Қазіргі уақытта оны тұтқындауға санкция берілді. Тұтқындау бойынша шаралар қабылданып жатыр», - дейді полициядағылар.
Аталған іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"