"Дөңгелегі өртенген": Қостанай-Астана бағытындағы Qazaq Air ұшағы ақауға байланысты әуежайға қайтарылды

Қостанай-Астана бағытындағы QazaqAir әуе компаниясының жолаушы ұшағы техникалық ақауға байланысты Қостанай әуежайына қайта оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұшақ бортында ресейлік Ura.ru басылымының тілшісі де болған. Журналистің айтуынша, Қостанай әуежайында ұшақ көтерілмек болған сәтте оның дөңгелегі өртене бастаған.
“Ұшақ көтерілмек болып қозғалып, кенет тоқтай бастады. Мен дәл осы дөңгелектің жанында отырдым, тоқтау кезінде жалын шығып, дөңгелек өртене бастады”, – деп жазды ресейлік журналист.
“Жолаушылар жылап, жақындарына қоштасу хатын жазды”: Air Astana ұшағы апатқа ұшырай жаздады
Әуекомпанияның баспасөз қызметі де жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
“Ұшақта техникалық ақау анықталды, сол себепті ұшу процесі тоқтатылды. Кейбір жолаушылар дөңгелек бөлігі аумағында қысқа жарық шамдарын байқағанын атап өтті, бұл техникалық тексеріс барысында ескеріледі. Әуе компаниясының техникалық тобы ақауды тексеріп, жою үшін Қостанай әуежайына жіберілді”, – делінген хабарламада.
Компания жолаушыларға қонақүйге орналастыру, билет ақшасының толық қайтарымы немесе басқа рейске айырбастау мүмкіндігі ұсынылғанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Air Astana әуе компаниясының ұшағы Ақтау әуежайына апатты жағдайда қонғаны туралы жазған едік.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"