Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары енді күзетші болып жұмыс істеуде

Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев бүгінгі таңда автотұрақтардың бірінде күзетші болып қызмет атқаруда.

костанайский аким

Бұл туралы «Қостанай жаңалықтары» басылымы хабарлады.

Экс-шенеунік автобекет аймағына жақын маңда орналасқан жеке-меншік автотұрақтардың бірінде жұмыс істеп жатыр. Күндізгі уақытта автокөлік күзететін Қалиев түнгі уақытты өз үйінде өткізеді. Ал оның әйелі осы автотұрақта басшылық қызметінде.

Мақсұт Қалиев тілішілердің қандай да бір сауалына жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты. Қатардағы жұмысшының киімін киген бұрынғы мемлекеттік қызметкер қатты жүдеп кеткендей көрінді.

Айта кетейік, Қалиев сотты болғандықтан мемлекеттік қызметке қайта орала алмайды. Ол осыдан үш жыл бұрын 14 миллион теңгемен ұсталып, қамауға алынған еді. 3 жылға бас бостандығынан айырылған экс-шенеунік шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. 1 жыл 10 ай көлемінде Қалиев қатаң бақылауда болмақ.

Жіберіп алмаңыз: 

Допинг дауына іліккен спортшыларға қатысты министрлік мәлімдеме жасады

Мемлекеттік қызметте «13-жалақы» мен мерекелік сыйақыларды алып тастайды

170 мың доллар тауып алған алматылық жалғызбасты әкенің әңгімесі

Талқылау