Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қосылған құн салығының өсуі кімдерге әсер етпейді – Премьер-министр түсіндірді

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығына қатысты реформаның кімдерге әсер етпейтінін түсіндіріп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

салық

Жұманғарин салықтың өсуі қоғамда қызу талқыға түскенін айта келе, бұған қатысты мәлімдеме жасады. 

"Қазір бұған қатысты айтылатын әңгіме көбейді. Мысалы, қателеспесем, кеше Қостанай не Шығыс Қазақстан облысында үй жанындағы дүкен иелері аймақтық кәсіпкерлер палатасында кездесу өткізіп, қосылған құн салығы "жеп отырған нанын тартып" алады деген", – дейді ол.

Министрдің сөзіне сенсек, қосылған құн салығының өсуі бөлшек саудамен айналысатындарға әсер етпейді. Бұл өзгеріс тек бизнестің кей салаларына қатысты болмақ.

"Біздің үнемі айтатынымыз, бұл халықпен жұмыс істейтіндерге әсер етпейді. Оның ішінде, үй жанындағы дүкендер, базар сатушылары, мейрамханалар мен шаштараздар да бар. Олар бөлшек сауда режимінде жылдық айналымы 2,4 миллиард теңгеге дейін 4% салығын әрі қарай да төлей береді. Бұл кәсіпкерлер үшін ештеңе өзгермейді. Реформа ішінара бөлініп кеткен, бизнестің кей саласына әсер етеді. Ал халықпен жұмыс істеу арқылы, базарда сауда жасап, отбасын асырап отырғандарға әсер етпейді", – деп түсіндірді шенеунік.

Талқылау