"Қоштасуға дайынмын": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кеткісі келетінін айтты
Белгілі актер Рүстем Жаныаманов Жанар Байсемізге берген сұхбатында өнерден кетіп, кәсіпке бет бұруды жоспарлап жүргенін ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Instagram.com/zhanyamanov_rustem
“Жалықтым дегеннен Құдай сақтасын. Бірақ қазір Жанарға кәсіпке қарай бет бұрғым келеді деп көп айтып жүрмін. Өнерден кету ойда бар және ол солай болатын сияқты. Меніңше, өле-өлгенше өнерде жүрген дұрыс емес сияқты. Басқа саланы көру керек сияқты. Балалар өсіп келе жатыр. Оқыту керек, оңай емес. Өнерді сағынбаймын, қоштасуға дайынмын”, – дейді Рүстем Жаныаманов.
Ол болашақта балаларының әкесі өмірін өнерге арнады деп айтып отырғанын қаламайды екен.
“Жанарға кино бітсе, әлем аралауға кетейікші деп отырмын. Мұны да маған Жанар үйретті. Өзіміз бірнәрсе өндіріп шығарғымыз келеді. Мысалы, кітап, кино. Бірақ кадрдан тыс болғым келеді. Киноға түскім келмейді. Қазір кетпеймін, шамамен 40 жасыма дейін осы салада боламын. Өмірімде бір нәрсені өзгерткім келеді. Актерлердің проблемалары маған мәлім. Олардың ұйқысы дұрыс емес, сүйектері, белі ауырады”, – дейді актер.
Бұған дейін актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлының екпенің кесірінен сырқаттанып қалғанын айтқан еді.