Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көшеге пижама киіп шыққан Луина елді тәнті етті 

Сәннің артынан қуып жету мүмкін емес! Әр маусым сайын түрлі стильдегі киімдер мен аяқ киімдер трендке шығады. Жуырда Ерке Есмахан қарапайым суға арналған тәпішкелерді сәнге айналдырса, әріптесі Луина ұйықтауға арналған пижамаға деген сұранысты арттырып жіберді, деп жазады Stan.kz.


Ол көшеге киюге арналған пижамалы стильдегі киімін көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. Әнші көшеге және ұйықтауға арналған пижаманы шатастырып алмас үшін аруларға өз кеңесін де айтты. 

"Боянып, шашыңызды сәндеп алсаңыз, үстіңіздегіні ұйықтауға арналған киіммен шатастыру қиын. 

Биік өкшелі аяқ киім кисеңіз, тіптен жараса кетеді", – деген Луина бойы қысқалау болғандықтан, биік аяқ киіммен өзін ыңғайлы сезінетінін жеткізді.



"Меніңше, қоғамдық орында пижама кию үшін өте батыл әйел болу керек", – деп ой қосты ол. 

Бір қызығы, желі қолданушыларына Луинаның жаңа стилі ұнап қалды.

Ерекшеленгенді ұнататын Ерке Есмахан: "Уау",- деп таңданды. 

"Супер", "Әдемі және ыңғайлы", "Сіздің үстіңізде бәрі әдемі", "Өте әдемі", "От", – деп жазды оқырмандар.
 

Талқылау