Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина: Анамды іздеп талай көріпкелге бардым

Әнші Луина жеке өміріне, омырауына жасатқан пластикалық отаға және із-түссіз жоғалып кеткен анасына қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Луина анасын 5 жасынан бері көрмеген. Әншінің анасы үйден шығып, қайта оралмаған. Луина ес білгелі анасын іздеп келеді, алайда әзірге нәтижесіз. Әнші ол үшін, тіпті балгерлердің табалдырығын тоздырғанын жасырмайды. 

"Саналы ғұмырымда анамды іздеп көріпкелдерге барып келемін. Жақында тағы бір рет баруға мәжбүр болдым", – деп бөлісті әнші Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ әнші "Артеммен ұрсып қалдыңыз ба? Опасыздық жасады деп күмәнданасыз ба?" деген сауалға: 

"Оған қатысты ешқандай күдігім жоқ. Сұлу да керемет Лу барда, ол басқаны қайтсін?", – деп сенімді жауап берді.


Асылхан Төлепов ұлды болды


Осыдан бір жыл бұрын ана атанған Луина тұңғышын 8 айға дейін ана сүтімен емізген. Бірнеше жыл бұрын омырауын үлкейтіп, пластикалық ота жасатқан әнші емізулі кезеңнен кейін кеудесінің әдемі бола түскенін айтады. 

"Ант етейін. Бұрынғыдан да әдемі бола түсті. Тіпті осы омыраумен дүниеге келгендеймін. Бала емізуге қатысты ешқандай бас қатырған жоқпын. Сүтім көп болды, сондықтан терім созылып кетер деп уайымдадым. Бірақ керісінше бәрі күшті болды", – деп бөлісті ол.


Талқылау