Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Көшеде тоқтатып, “құпия құты” ұсынады”: Қазақстандықтар алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып шағымданды

Threads қолданушысы қазақстандықтарды абай болуға шақырдыФото: pixabay.com

Қазақстандықтар алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабрлайды. 

Көшеде кетіп бара жатып алаяқтықтың құрбаны болған Threads қолданушысы қазақстандықтарды абай болуға шақырды.

“Бізді 40 000 теңгеге алдап кетті. Оқиға 2025 жылдың 13 қыркүйегінде Розыбакиев көшесіндегі MEGA сауда орталығының жанында болды. Бізге 17–20 жас шамасындағы қыз бен жігіт келді. Өзін қандай да бір компанияның қызметкерлері ретінде таныстырып, "құпия бокс" сатып алуды ұсынды. Олардың айтуынша, ішінен Apple Watch, AirPods, iPhone немесе тіпті 100 000 теңге көлемінде қолма-қол ақша шығады екен. Олар өте сенімді сөйлеп, "егер көшірме зат шықса – ақшаңызды қайтарып береміз" деп уәде берді” , – дейді желі қолданушысы.

Алаяқтардың сөзіне сенген ол құтыны алып, ішін тексеріп көрмеген. Үйіне барып, құтыны ашқанда ғана алданғанын біліпті.

“Қорапты ашып, тексермедік, сасқалақтап қалдық. Оның үстіне олар бізді “құттықтап”, тез кетіп қалды. Үйге келген соң боксты ашсақ, ішінен арзан қытайлық көшірме құлаққаптар шықты. Өте өкінішті. Өзгелер де осындай алаяқтардың құрығына түсіп қалмасын деп жазып отырмын. “Құпия бокс” пен “жеңіл жолмен пайда табу” дегенге сенбеңіздер”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Жазбаға жазылған пікірлерден осындай алаяқтықтың құрбаны болғандардың көп екенін аңғаруға болады. Кейбіреулер 50 мың теңгеге, енді бірі 30 мың теңге алданған. 

Кейбір желі қолданушылары бағалы дүниені аз ақшаға сатып алмақ болған жәбірленушілердің өздері де кінәлі деген пікірде.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек, 2025 20:48
Талқылау