Көше атауларын қазақшалауға қарсы шығып, боғауыз сөздер айтқан Рудный тұрғынына айыппұл салынды

Видеодан скрин
Рудный тұрғыны қоғамдық тылқылау кезіндегі дөрекі әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, оқиға 21 қараша күні Рудный қаласында қоғамдық тыңдаулар кезінде болған.
“Талқылау барысында әйел адам регламентті өрескел бұзып, бейәдеп сөздер айтып, өзіне тән емес дөрекі мінез көрсеткен. Мұндай әрекет тыңдауға қатысушыларға құрметсіздік және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді”, – деп мәлімдеді полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Нәтижесінде әйел адам кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде – 78 640 теңге айыппұл салынды.
Полиция қоғамдық іс-шаралар кезінде тәртіп сақтау және өзгелерге құрмет көрсету маңызды екенін еске салды.
Еске салсақ, осыған дейін Рудный тұрғыны мен Amanat депутаты көше атауларын қазақшалауға қарсы шыққанын жазғанбыз. Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғын Екатерина Корчагинаның сөзі кең талқыланды. Ол қала көшелерін қайта атау денсаулық сақтау мен инфрақұрылым мәселелерін шешпейтінін мәлімдеді. Бұдан бөлек, ол Рудный қаласы Кеңес үкіметінің арқасында пайда болғанын айтқан.
"16 жерінен пышақтап, сойып тастаған": Алматы облысында әкесі 15 жастағы қызын қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді