Қос қарияның сатылатыны туралы хабарландыру жұрттың жағасын ұстатты
Бұл оқиға Жапонияда болды. Токио газеттерінің бірінде қос қарияның сатылатыны туралы хабарлама басылып шықты. Небәрі 900 йенге 68 жастағы ер адам мен 66 жастағы әйел адам сатылмақшы болған екен.
Бұл туралы lemurov.net басылымы хабарлайды.
Мұндай хабарландырудың жұрттың жағасын ұстатқаны анық. Көпшілік бұған қариялардың балаларын емес, билік пен уақытты айыптады. Алайда хабарландыруды қариялардың өздері берген екен.
Көп ұзамай оларға жанашырлық танытқан адам табылды. Бір жас отбасы жуырда ғана ата-анасыз қалған-ды. Осылайша олар мекен-жайы бойынша қариялардың үйіне келген. Қымбат үй мен бау-бақшасы әдемі үйді көрген кезде, жастар қатты таңқалған. Тіпті, жаңыласқан болармыз деп ойлаған. Алайда үй иесі оларға үйді дұрыс тапқандарын айтып сендіреді.
Артынша қос қария балаларсыз өмірлерінің мұңға айналғандарын айтады. Өмірлері өтіп, дүние-мүліктерін кімге қалдырарларын білмей жүр екен. Осылайша олар жалған хабарландыру ойлап тапқан. Енді қариялар бар дүние-мүліктерін осы жас отбасыға қалдырмақ.
Жіберіп алмаңыз:
Швейцариялық компания тау ауасын сата бастады
Ғалымдар бұрынғы құрбақалардың динозаврмен тамақтанғандарын анықтады
Бойжеткен емтиханда 1,5 метрлік шпаргалканы еркін пайдаланбақ болған
Шәует доноры 19 биологиялық баласымен кездесті (фото, видео)